“Қазақтың әйгілі актері” атты портреттік кеші ұйымдастырылды.
7 ақпан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай “Қазақтың әйгілі актері” атты портреттік кеші ұйымдастырылды. Шара барысында қазақ киносындағы ұлттық режиссураның дамуына өлшеусіз үлес қосқан талант ретінде ел жадында мәңгілік сақталған тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылық жолы таныстырылып, дара таланттың өмір жолынан «Қазақ киносының саңлағы» атты бейнеслайд көрермен назарына ұсынылды.

