«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты әдеби кеш өткізілді.
23 қазан күні Көктөбе ауылдық кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлері бірлесе 25 қазан – Республика күніне орай «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастардың арасында Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімін байыту, ел тарихына қызығушылықты дамыту, азаматтықты, патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

