«Қазақстан -бірлік пен татулық мекені» әдеби музыкалық композициясы ұйымдастырылып өткізілді.

16 мамыр күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі аудандық орталық кітапханасында Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт – аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді осы орайда «Бейбітшілік пен келісім» жобасының іске асыру бойынша ауданаралық күндеріне орай «Қазақстан -бірлік пен татулық мекені» әдеби музыкалық композициясы ұйымдастырылып өткізілді.

Кешке арнайы Шуваш халқы мәдениет бірлестігінің төрағасы: Храмов Никита Данилович, Өзбек ұлтының өкілі Мухамедалиева Софияхан ЮлдашевнаТүрік ұлтының өкілі Казимова Лейла Маликовналар қатысып өздерінің Қазақстанға деген ізгі лебіздерін білдірді. Кеш шымылдығы «Батырлар ұраны» әнімен ашылып, өзге ұлт өкілдері «Қазақстан», «Отан», «Туған жер» өлеңдерін нақышына келтіріп оқыса, «Пироз» күрд этно-мәдени орталығының төрайымы Гасанова Фатима Мамдовнаның жетекшілігімен «Кубани» ансамбльі және «Сырғалым» бишілер тобы «Қазақ биінен» шашу шашты.

Іс-шара мақсаты: Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығын, ынтымақтастығын паш ету. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым-қатынасын насихаттау, Отанға деген патриоттық сезімін ояту.