«Қазақ жырының тұлпары» атты портреттік кеш өткізілді.
4 мамыр күні Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтеректің бірі Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Алға орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысысуымен «Қазақ жырының тұлпары» атты портреттік кеш өткізілді. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға қаламгердің терең тынысты, танымдық шығармаларымен туған өлкесі Жетісудың ғажайып сұлулығымен танысып, ақынның көптеген шығармаларынан үзінді оқылып, өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқыды.

