“Қазақ жырының дарабозы” атты әдеби сағат өткізілді.
20 тамыз күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің қызметкерлерінің қатысуымен ақын, лирик жазушы Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдық мерейтойына орай “Қазақ жырының дарабозы” атты әдеби сағат өткізілді. А.Бақтыгерееваның шығармашылығын насихаттай отырып кітапханашы Ана туралы өлең шумағын мәнерлеп оқып, “Өлең деген құдірет”, “Ана әлдиі” атты кітаптарына шолу жасалынып өтті.



