«Қазақ прозасының құйрықты жұлдызы» тақырыбында кітапханалық–квест өткізілді.
13 маусым күні аудандық кітапхананың білім орталығында тұрақты оқырмандардың қатысуымен жазушы, журналист Қарауылбек Қазиевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ прозасының құйрықты жұлдызы» тақырыбында кітапханалық–квест өткізілді. Іс шара барысында кітапханашы қазіргі қазақ прозасына 1960 жылдарда келіп, «Құйрықты жұлдыздай» ағып өткен тұрлаулы творчестволық тұлғалардың бірі бар жоғы 45 жыл ғұмыр кешкен таланты жазушы Жамбыл облысының Шу ауданында 1939 жылы дүниеге келгендігін, еңбек жолын 1963 жылы Радио тілшісі болып бастап, Телерадио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарғандығын, бірқатар әңгіме мен повесі орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шыққандығын айтып өтті. Іс шараның мақсаты оқырмандарға жазушының өмір жолы мен шығармашылыған таныстыру.

