«Қазақ киносының жарық жұлдызы» атты портрет кеші өтті.
1ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкері театр және кино режиссері, актер, Қазақстанның халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына – 110 жыл толуына орай «Қазақ киносының жарық жұлдызы» атты портрет кеші өтті. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1953 жылдан 1970 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің қанат жайып өркендеуіне де ерекше мол үлес қосты. Іс-шара барысында Шәкен Аймановтың өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектері туралы насихатталды. Қазақ киносының осындай дара саңлағына арналған «Өмірі де, өнері де өнеге» атты кітап сөресіне шолу жасалды.

