“Қазақ киносының саңлағы” атты тақырыбында библиографиялық жаднама өткізілді.
12 ақпан күні балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі актері, режиссері Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына орай “Қазақ киносының саңлағы” атты тақырыбында библиографиялық жаднама өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Ш.Аймановтың 1954 жылы өзінің “Махаббат туралы поэма” атты режиссерлік туындысын көрерменге ұсынғанын, және де кинематографияның алтын қорына енген 10-нан астам фильм түсіргенін айтып өтті.

