«Қазақ киносының атасы- Шәкен Айманов» тақырыбында тарихи сағат өткізді.
14 ақпан күні Абай ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен дарынды актёр, шебер режиссёр, қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына орай «Қазақ киносының атасы- Шәкен Айманов» тақырыбында тарихи сағат өткізді.
Шара барысында кітапханашы Ш. Аймановтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріп, қазақ өнерінде қалдырған шоқтығы биік туындылары туралы насихаттады.

