«Қазақ халқының жанашыры» атты тарихи кеш өткізілді.
20 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Kitap Time – 2024» Республикалық кітап фестивалі аясында мемлекеттік қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ халқының жанашыры» атты тарихи кеш өткізілді. Шара барысында кітапханашы жас оқырмандарға Тұрар Рысқұловтың өмірбаянына шолу жасап, елі үшін еңбек еткен, қазақ жұртының ашаршылықтан қырылып жатқанын Сталинге хат арқылы жеткізген асыл азаматтың ғұмырбаяндық жолына бейнеслайд ұсынылды.

