«Қазақ халқының бұлбұл әншісі» атты өмірбаяндық шолу өткізді.
12 желтоқсан күні Сауытбек ауылдық кітапханасында қазақтың бұлбұлы атанған опера әншісі, актриса әрі педагог, Социалистік еңбек ері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, лирикалық-колоратуралық сопраноның сирек кездесетін дауыс иегері Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына орай «Қазақ халқының бұлбұл әншісі» атты өмірбаяндық шолу өткізді. Іс- шара барысында кітапханашы бұлбұл үнді күміс көмей әншінің өмірі мен шығармашылығын таныстырып өтті.


