«Қазақ балалар әдебиетінің алыбы» атты өмірбаяндық шолу болып өтті.

17 қазан күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен»Ел болып оқимыз» жобасы аясында журналист, жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әлдихан Қалдыбаевқа «Қазақ балалар әдебиетінің алыбы» атты өмірбаяндық шолу болып өтті. Кітапханашы жазушының өмірбаянына тоқталып, балаларға арналған «Жасыл доңғалақ», «Екі тентек», «Су тасушы Әшірбек», «Аю менің досым», «Елбасы» атты кітаптардың авторы және оның мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні терең екендігін айтып өтті.

Возможно, это изображение 18 человек, люди учатся, детская игрушка и текст