«Қазақ әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш өткізілді.
15 қазан N2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Қазақ әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты:жас ұрпақты Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу.

