«Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тарихи сағат өткізілді.
29 мамыр күні 31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Сауытбек ауылдық кітапханасында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тарихи сағат өткізілді. Елдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын, қызыл террордың қылышынан баудай қырылған бабалар рухына арналған шарада кітапханашы мәліметтерге шолу жасады. Репрессия құрбандарының жанкешті тағдыры, ұлттың тамырына балта шапқан кеңестік жүйедегі солақай саясаттың сызы туралы баяндама оқып, саяси қуғын-сүргіннің қасіреті туралы мәлімет беріп өтті.

