«Қарымды қаламгер» танымдық сағат өтті.
13 маусым күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, жазушы-журналист Рысдәулет Мақұлбек Қайыпбекұлының өмірі мен еңбек жолын насихаттау мақсатында «Қарымды қаламгер» танымдық сағат өтті. Шара барысында Сарыарқа төрінде қаламын ұштап, кәсіпқой журналист ретінде шыңдалған журналист Мақұлбек Рысдаулеттің «Egemen Qazaqstan» газетінен кейін облыстың бас басылымы «Aq jol» газетін басқарып, редакцияға жалынды жастарды жинап, қамқорлық танытқаны туралы айтылды.

