“Қартым аман есен жүрші” атты кездесу кеші өтті.
27 қыркүйек күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 1 қазан – қарттар күніне орай “Қартым аман есен жүрші” атты кездесу кеші өтті. Аталған шараға округтің “Аналар кеңесі” төрайымы және батыр аналар арнайы шақырылды.Кеште Абдулова Хадишаның “Атам мен әжем” ән шырқап, кітапханашы әже апаларымызды келе жатқан қарттар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара соңында әжелер ризалығын білдіріп,батасын берді.

