«Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты кездесу кеші ауылымыздың қарт ата- әжелерінің қатысуымен өткізілді.

1 қазан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты кездесу кеші ауылымыздың қарт ата- әжелерінің қатысуымен өткізілді. Іс- шара барысында кітапханашы ата –әжелерді мерекемен құтықтап, шараға қатысқан апаларымыз өмір жолындағы өнегеге толы әңгімелерімен бөлісті. Замандастар бас қосқан кеште сол кездегі естеліктер айтылып, қызықты сәттерге саяхат жасалды. Қарттарымыз жарасымды әзіл, салиқалы ой-пікір өрбітті. Қарияларымыздың төл мерекелеріне арнап жас оқырмандар –әжелерге арналған өлең шумақтарын оқып берді.Кеш соңында қарт ата- әжелерге ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Возможно, это изображение 32 человека и люди учатся