«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу кеші өткізілді.
1 қазан күні Халықаралық Қарттар күніне орай Кітапхана және Мәденииет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу кеші өткізілді.Іс шараға Қонаев ауылының қария ақсақалдары,ақ жаулықты аналар,ардақты ардагерлер шақырылды.Оқушылар мерекелік өлең шумақтарын оқып берсе, Аруым тобы Қазақша би,үнді биі Фломенко билерін билеп,Б.Жапау,Б Дүйсенова,кітапхананың тұрақты оқырмандары Аянат Қ,Ваида М ән айтып өнерлерін көрсетті.Шара соңында кітапханашы фотогаллериямен таныстырды.Қонаев ауылы әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қарияларға сый- сыяпат берілді. Ардагер ұстаздарға шәкірттері құрмет көрсетіп , сыйлықтарын ұсынды.

