«Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесу кеші өтті.
1 қазан күні Тасөткел ауылдық кітапханасында Ш.Мұртаза орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қазыналы қарттарға құрмет көрсету, оларды ықыласқа бөлеу және өмірдегі көргені мен түйгені мол екенін, сондықтан кешегі тарихымыздың куәсі болған данагөй қарттарымызға қашанда құрмет көрсету парасатты парызымыз екенін айтты.

