«Қарттарым аман сау жүрші» тақырыбында кездесу кеші болып өтті.
1 қазан күні 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Қарттарым аман сау жүрші» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Іс-шара барысында Жексен Айкүміс “Әже”, Айтқұл Әсем “Ата- Әже” әндерін орындаса, Жексен Сағыныштың “Аққу” биінен шашу шашып көпшілікті сүйсінтті. Аталмыш шара Алға ауылдық округі әкімшілік аппараты мен кітапхана қызметкерінің атынан сый сияпат тарту етілді.

