«Қарасаз қара шалғын жерде өстім..» тақырыбында мәнерлеп оқу сағаты өтті.

7 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Домалақ ене орта мектеп оқушыларының қатысуымен отты жырларымен, ойлы да сырлы өлеңдерімен халқының қадір-қасиетін айта алған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Қарасаз қара шалғын жерде өстім..» тақырыбында мәнерлеп оқу сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы өмірбаянына тоқтала келе, тума таланттың өмірден өткеніне жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де, оның жырлары барша қазақтың жүрегінде берік орныққаны туралы мағлұмат берді. Жас оқырмандар Еркінбек Ұлболсын, Құрманәлі Динара, «Әке», «Ей,өмір» өлеңдерін жатқа оқып берді. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірінен сыр шертетін видеослайд көрсетілді.