«Қарапайым ауылдың қарапайым қызы» атты сыр кеші өткізілді.
19 қараша күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенованың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қарапайым ауылдың қарапайым қызы» атты сыр кеші өткізілді. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаянына тоқталып, шығармаларында әлеуметтік әуенге бейім, өлең тілін құрайтын сыршыл нәзік сезімін оқиға жырларына дарыта білетін ақын екендігі туралы айтып өтті. Кітапхана қорындағы кітаптарымен таныстырып, пәкиза тазалық, сыршылдық, ойлылық араласа өріліп жататын шығармаларымен адамдарға ағынан жарылып сыр айту, тосын тың теңеулер арқылы сәтті шешім қабылдау Үміт жырларының ерекшелігі екенін насихаттап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

