“Қаныш Сатпаев алғашқы академик “ атты өмірбаяндық шолу өтті.

26 сәуір күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында қазақ тарихында ғана емес, дуниежүзінде геология ғылымының дамуында аты алтын әріптермен жазылған ірі тұлға, ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың туғанына 125 жыл толуына орай “Қаныш Сатпаев алғашқы академик “ атты өмірбаяндық шолу өтті. Кітапханашы Қаныш Имантайұлының нағыз ғылымға тән болмыс – бітімімен, әдебиет, тарих, этнография, мәдениет, өнер, биология, агрономия, ядролық физика, астрономия, сейсмология салаларын дамытуға белсенді түрде атсалысқандығын оқырмандармен бөлісті.

Нет описания фото.