«Қаныш Сәтбаев қалай танымал болған» атты библиошар өтті.
12сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында көрнекті геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Қаныш Сәтбаев қалай танымал болған» атты библиошар өтті. Кеш барысында Қ. Сәтбаевтың тікелей басшылығымен елімізде ірі мыс және марганец кендерін өндіру жұмыстары басталғаны жайлы деректі фильмдер мен өмір жолдары таныстырылды. Шара соңында кітапханашы гелог жайлы естеліктер жазылған «Қаныш аға», » Қаныш Сәтбаев энциклопедиясы», «Таңдамалы» 1 том кітаптарына шолу жасады.

