«Қаламы ұшқыр журналист» тақырыбында библиошар өткізілді.
24 маусым күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұймдастыруымен «Ел болып оқимыз» акциясы аясында қалың елге қаламгерлігімен танылған қайраткер азамат, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Жуалы және Талас аудандарының Құрметті азаматы Мақұлбек Рысдәулеттің шығармаларын насихаттау барысында «Қаламы ұшқыр журналист»» тақырыбында библиошар өткізілді. Кеш барысында қатысушы оқырмандар М. Рысдәулеттің өмірбаяны туралы шар ішінде жасырылған сұрақтарға жауап берді. Кітапханашы елімізге белгілі қаламгер, публицист, шығармашылық қабілетімен, азаматтық ісімен туған еліне, қазақ руханиятына қалтқысыз қызмет ететін тұлға екендігі туралы насихаттап, кітаптарына шолу жасады.

