«Қаламгерден тағылымды ой» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.
23 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Қаламгерден тағылымды ой» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбайдың өмір жолдары туралы айтып, соңғы жылдарда жазылған хикаят, әңгіме, шертпе, эсселері жайлы да мағлұмат беріп өтті. Зиялылардың жарқын өкілінің бірі Қали Сәрсенбай ел әдебиетінің көкжиегін кеңейте түсуге қосқан үлесі зор екенін оқырмандарға насихаттап, кітапхана қорындағы кітаптарымен таныстырып өтті.



