«Қайсар мінезді қаламгер» атты өмірбаяндық шолуы болып өтті.
31 шілде күні орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өлең өлкесіндегі өзіндік орны айрықша, жаны, жүрегі, ойы, санасы әдебиет дейтін әлемге ессіз байланған, осы жолда алған бетінен таймай, ақты – ақ, қараны – қара деп жіктей білетін, асау жырларымен оқырмандарына «Хан қызындай Ханбибі» атанған ақынның 75 жылдық мерей тойына орай «Қайсар мінезді қаламгер» атты өмірбаяндық шолуы болып өтті. Кітапханашы оқырмандарға Ханбибі апамыздың шығармаларымен таныстырып «Жыр кітабынан» өлеңдерін оқырман назарына ұсынды.

