“Қайнар бұлақтан нәр алған тұлға” тақырыбында әдеби калейдоскоп өтті.
27 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында ұйымдастырылған сатира саңлағы Бақытжан Советұлының шығармаларын насихаттау мақсатында “Қайнар бұлақтан нәр алған тұлға” тақырыбында әдеби калейдоскоп өтті.
Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармалары таныстырылып, балаларға арналған «Мен де бірдеңе дейінші», «Ерін туралы ертегі», «Бұл мен ғой» атты сатиралық кітаптарынан үзінділер айтылды.




