« Қадамы құтты қаламгер» атты библиофреш өтті.
29 қазан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында жазушы драматург Әлдихан Қалдыбаевқа « Қадамы құтты қаламгер» атты библиофреш өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға Әлдихан Қалдыбаевтың өмірбаянына тоқталып «Мен апамның баласымын», «Аю менің досым» атты кітаптардың авторы және оның мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні терең екендігін айтып өтті.

