«Ғасырға жуық ғұмыр кешкен » тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.

17 шілде күні Қонаев кітапханасында дүлдүл ақын, әнші, сазгер, күйші Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойына орай «Ғасырға жуық ғұмыр кешкен » тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді. Кітапханашы К. Әзірбаевтың ұзақ ғұмырында қазақ ән өнерінің алтын қорынан лайықты орнын алған мол мұра қалдырған ақынның айтыстары, жыр-дастандары, аңыз әңгімелері жайында, мағлүмат беріп өтті. Шара соңында кітапхана қорындағы ақынның кітаптарын таныстырып оқырмандардың назарына ұсынды.